(1873-1938)
Выдающийся казахский поэт, просветитель, журналист и педагог. Политссыльный в Нарымском крае в 1933-1934 годы, расстрелян в 1938 г.
Байтурсунов (Байтурсынов) Ахмет Байтурсунович родился 18.04. 1873 в ур. Сартюбек Тургайской области в семье осужденного на 15 лет на каторгу. В 1891 Б. поступает в Оренбургскую киргизскую учительскую школу, по окончании которой [1895] занимается педагогической деятельностью. Перед революцией 1905 принимает участие в революционном движении, является руководителем революционных казахских масс. В период реакции продолжает свою работу в подпольных организациях. Был заключен в семипалатинскую тюрьму, а в 1910 выслан на два года из пределов казахско-киргизских областей. В Оренбурге в 1913 Б. издает на казахском яз. газ. "Казах", цель которой - общественно-культурное пробуждение казахского народа и его просвещение.
После Февральской революции Б. отдается общественно-революционной работе. Избирается в Учредительное собрание по списку казахской национальной партии "Алач" (Алаш), является одним из лидеров казахского национального движения. В 1918 член Комуча. До 1919 находится в рядах автономистов-националистов, но убедившись, что политика правых губительна для киргизско-казахского народа, переходит на сторону Советов. В 1920 вступил в РКП(б). Состоит председателем Научно-литературной комиссии Наркомпроса Казахской республики и ведет также педагогическую работу. Лит-ая деятельность Б. начинается в 1901-1904 переводом на казахский яз. басен Крылова. Оригинальные стихи Б. напечатаны в его сборнике "Маса" (Комар). Основной мотив поэтических произведений Б. - забота о пробуждении казахского народа. Поэт резко выступает против колонизаторской политики царского правительства. Народник-националист, Б. является и первым выдающимся казахским ученым-лингвистом. Он - реформатор орфографии казахского яз., основоположник его грамматики и основатель теории казахской литературы. С 1928 - профессор Казахского университета.
В 1930 как «буржуазный националист» арестован и приговорен к расстрелу, замененному 10-летней ссылкой в Архангельскую область, а жена Бадрисафа с дочерью сосланы в Томск. В 1933 по прошению Б. был переведен в ссылку в Нарымский край к месту нахождения в ссылке семьи. Прибыл в д. Жуково Кривошеинского р-она 4 июля 1933, в сентябре 1933 переехал в с. Могочино Молчановского р-она. В 1934 был освобожден по ходатайству Е. П. Пешковой и вернулся в Алма-Ату. 8.10.1937 арестован повторно, 25.11.1937 тройкой УНКВД по Алма-Атинской обл. приговорен к ВМН, расстрелян 8.12.1938. Реабилитирован в 1989.
Источн. и лит.: Дулатов М. Ахмет Байтурсунович Байтурсунов: Биогр. очерк // Труды Общества изучения Киргизского края. 1922. Вып. 2. С. 15-25; Омаров И. Ученая деятельность А. Б. Байтурсунова // Там же. С. 7-14; Л.Г. Протасов. Люди Учредительного собрания: портрет в интерьере эпохи. М., РОСПЭН, 2008; Самойлович А., проф., Лит-pa турецких народов, "Лит-pa Востока", вып. I, П., 1919; Дулатов М., А. Б. Б., "Труды О-ва изучения киргизского края", вып. 3, 1922; Поливанов, О киргизо-казакекой орфографии, "Бюллетень Среднеазиатского госуд. университета", вып. 7, Ташкент, 1924. А. С. {Лит. энц.}; Жертвы, 2001; The Blackwell Encyclopedia. P. 305; Люди и судьбы. Биобиблиографический словарь востоковедов - жертв политического террора в советский период (1917-1991). Изд. подготовили Я. В. Васильков, М. Ю. Сорокина. СПб.: Петербургское Востоковедение, 2003. 496 с. (Социальная история отечественной науки о Востоке).
Көмескі іздің сәулесі
Тарих үні
Қостанайда ұлт ұстазы Ахмет Байтұр¬сыновтың жары Бадрисафа өмірін зерттеуге және жерленген жерін анықтауға арналған экспедиция құрылғалы анамыз¬дың аруағына бағышталған бірқатар жұ¬мыстардың басы қайырылды. Нысанаға алған істердің арасында Бадрисафаның табаны тиген және ол жайында бір дерек шығып қала ма деп үміттенген орын¬дар¬дың барлығын шама жеткенше жүріп өту де көзделген еді. Әри¬не, бұл орайда Ба¬тыс Сібірде жатқан Том¬ның орны бөлек.
Заманның лебі, уақыттың желі де¬г嬬німізбен, белгілі бір адамдардың озбыр¬лы¬ғынан одан тұтас халықтың жапа шеккені, зәбір көргені тарих кешірмес күнә. Атың өшкір Ф.Голощекиннің ұйымдас¬ты¬руы¬мен 1928 жылы байлардың малын тәркі¬леуден басталған кесапат соңы “кіші Октябрь” нау¬қаны арқылы аштыққа ұлас¬ты. Қазақ хал¬қы тозды, босты, қырылды. Оған жаны кү鬬ген, қарсылығын білдірген бас көтерер азаматтарының барлығы бол¬машы сылтаумен, “ұлтшыл” деген жаламен ұсталып, қамалып, атылды немесе Сібірге айдалды. Олар¬дың алдыңғы қа¬та¬рында бұрыннан да “ұлтшыл”, “алаш¬ор¬дашыл” аты бар, он¬ың үстіне қазақ дала¬сындағы кәмпескені жұтқа теңеген Ахмет Байтұрсынов тұрған еді. Ол 1929 жылы 2 маусымда Қызылорда қаласында тұтқын¬далды да, жылға жуық тергеуден кейін, яғни 1930 жылы сәуір айында Бі¬ріккен саяси бас басқарма коллегия¬сы¬ның қарауы-мен ату жазасына кесілді. Бірақ бұл жолы өзінің Қызыл крест қоға¬мы¬на жазған ары¬зы оққағар болып, Ах¬мет атамыз ажал тыр¬нағынан аман қалды. Ату жазасы конц¬лагерьмен ауыстырылды. Жазушы Тұр¬сын Жұртбайдың “Ұраным-Алаш!” кіта¬бын¬да Ахмет Байтұрсыновтың ОГПУ мекемелеріне бақылау жасайтын республика прокурорының орынбасарына жаз¬ған өті¬ніші берілген. Онда ұлт көсемі өзіне кесілген жаза туралы мәлімет береді: “ОГПУ-дің 1931 жыл¬ғы 13 қаңтардағы қаулы¬сы¬мен менің дүние-мүлкім тәркі¬ле¬ніп, өзіме он жыл концлагерьде отыруға үк¬ім шыға¬рылды. Сол ОГПУ-дің 1932 жыл¬ғы 4 қара¬шадағы қаулысымен мерзімінен бұрын бо¬сатылып, 3 жылға Солтүстік өлкеге жер аударылдым”, дейді де ары¬зы¬ның соңын¬да: “1933 жылдың 6 қаң¬тары, Адресім: Архангельск, Соломбала, 1-деревня, 1-бой¬лық, №9 үй” деп жаза¬сын өтеп жатқан уақыты мен мекен-жайын көр¬¬сетеді.
Ахаң болмаса Бадрисафаның басы¬н¬а да󬬬¬ыл¬дың қара бұлты үйірілер ме еді, әл¬де тағдыры басқаша өрілер ме еді кім білсін. Бірақ еріне адал анамыз жел айдаған қаңбақтай заманның өкпек желі қайда жұ묬¬¬қыса сонда барды. Біріккен саяси бас басқарма коллегиясы Ахаңа концлагерьге үкім шығарған кү¬ні, яғни 1931 жылы 13 қаңтарда Бадрисафа Мұхамедсадыққызы мен он екі жасар қызы Шолпанды Том облысына бес жылға жер аударып жіберген еді. Қаулының өзі қандай қорқынышты болса, оның орындалуы, батпағы, масасы, суығы мен аштығы бірінен бірі өтетін Батыс Сібір өлкесі нағыз дозақ болатын.
Ахмет Байтұрсынов 1932 жылы желтоқ¬санның 31-і күні Міржақып Дула¬товқа жа第¬ған хатында өзінің Архангельскіге сол жылы қарашаның 30-да келгенін айтады. Әрі суықтан, әрі жұмыссыздықтан, қым¬батшылықтан ол Архангельскіге бара қи¬на¬лады. Ал Міржақыпқа 1933 жылдың ба¬сында жазған хатында: “Бір жағынан – ауру, екінші жағынан – суық, үшінші жа¬ғынан – аштық, үш жақтап қысып, әркімнің атсалысқан көмегі арқа¬сын-да күнелтіп келе жатқан жай бар. Бұл қалыппен көпке бармай бір шегіне барып тынатын шығармын. “Қыр баласы” (Ә.Бөкейханов) қолдан келген көмегін істеп-ақ жатыр”, дейді. Әлихан Бөкейхановтың көмегімен Ахаң М.Горькийдің бұрынғы әйе¬лі, Қызыл крест қоғамын басқарған Е.Пешковаға денсаулығының нашарла¬ғанын айтып, сондықтан Томға айдауда жүрген әйелінің жанына баруға рұқсат сұ¬рап өтініш жазады. Ахаң тілегі орын-далады. Сөйтіп, 1933 жылдың 4 шілдесінде отбасына келіп жетеді. Алдымен Бад¬рисафа отырған Кривошеин ауданының Жуково деревнясына келген Ахаң, біздің ойымызша, сол кезде осы ауданға қараған Могочино селосында, өзі хатында жаз¬ғандай, қыркүйек айынан бастап тұрған.
Тамұқ ізі
“Бадрисафа” экспедициясының мүше¬ле¬рі – Ахмет атамыздың кіндік қаны та¬м¬ған Ақкөлдің азаматы Ибрагим Ағытаев пен осы жолдардың авторы Том қаласына келгенімізде алдымен жердің өте шал¬ғайлығы білінді. Өркениеттің бар жетістігін пайдаланып отыр¬ған кезде жолау¬шы¬ны шаршататын бұл шаһарға Бадрисафа мен кішкентай Шолпан қаңтардың орта¬сындағы қақаған аязда қандай жағдайда жетті екен десеңші? Том қаласының іргесі ХVІІ ғасырда, Борис Годунов патша тұ¬сын¬да қаланған. 1878 жылы жұмысын бас¬таған Том мемлекеттік университеті және одан кейінгі Том политехникалық уни¬верситеті, медицина институты әлі күнге дейін қалыптасқан дәстүрін үзбей келе жатқан ірі басты білім ордалары. Поли¬техникалық университетте ұлтымыз ұлы¬ла¬рының бірі Қаныш Сәтбаев білім алған. Аталмыш оқу орнына жақын жердегі геологтар аллеясында 2008 жы¬лы Қаныш ағаға ескерткіш орна¬тылды. Ос¬ын¬дағы қазақ диаспорасының өкілі, қазақ ұлттық-мәдени орталығының же¬текшісі Қанатбек Смағұлов атамекеннен келген қонақтарды алдымен Қ.Сәт¬баев атамыз¬дың ескерткішіне апаратын дәстүрді қа¬лыптас¬ты¬¬рыпты. Біз де қа¬лаға кірген бетте Қаныш атамыздың ескерткішіне тағзым еттік.
Сібір әу бастан-ақ Ресейдегі қай пат¬шаның тұсында да жер аударыл¬ғандар¬дың, елден аластатылғандардың, саяси қуғын көргендердің мекені болған. Бұл өлкені игергендердің бірі де солар. Ал 1917 жылдан бастап қызыл империялық саясат кезінде Кеңес Одағына пиғылы қарсы дегеннің бар¬лығын осында тоғыт¬ты. Гулаг-тың картасында Том облысында төрт лагерь орна¬ласқан. Ғалым Өмірхан Әбдиманұлының “Ахмет Байтұрсынов” атты кітабында Ахаңның қызы Шолпан айтып берген естелік келтіріледі: “Бадри¬сафа шешем екеумізді де тұтқындады. Мен онда он екі жаста болатынмын. Со¬дан 1931 жылдың 13 январында этаппен Том қаласына айдап жіберді. Мұнда жер ау¬дарылғандарға арналған көшеде тұр¬дық. Әлі есімде, Береговая көшесі, үй нөмірі–2”, дейді Шолпан апай. Содан баланы анасынан бөледі де Бадрисафаны Кривошеин ауданының Жуково деревня¬сына жібереді. Ал сол кезде Том қала¬сын¬да медицина институтында оқып жүрген Гүлнар апай (Дулатова) естелігінде 1932 жылы қазан айында Бадрисафаны пароходпен алып кеткенін жазады. “Прис¬тань¬ның басында ұстамалы ауруы қайта-қайта ұстай берген әжемді пароходқа сүйемелдеп отыр¬ғыз¬дық. Шолпан екеуміз көзіміздің жасын сорғалатып, әжеммен қоштасып үйге оралдық”, дейді Гүлнар апай. Сонда 1931 жылдың басында келген Бадрисафа мен Шолпан 1932 жылдың қазан айына дейін, яғни бір жыл тоғыз ай Том қаласында тұрған. Негізі ХІХ ғасыр басында екі Береговая көшесі Том өзенін жағалай біріне бірі жалғасып жатқан. Оларды 1938 жылы біріктірген. Береговая көшелерінде көпестердің трактирлері, дү¬кен¬дері орналасады. Осы көшеде саяси қуғындағы адамдар, жер аударылғандар үй жалдап тұрған. Олардың қатарында Я.Свердлов, В.Косарев, И.Жилин, тағы басқа белгілі есімдер болған. Ал Бадри¬сафа мен Шолпан тұрған бұл көшеге 70-ші жылдары осы жерде тұрғылықты тұратын Сібір татарларының қалауымен Мұса Жалил аты беріледі.
Ахметпен қол ұстасып, бас құрағалы Бад¬рисафа заманның өкпек желін аз көр¬ген жоқ. Өйткені Ахаң неше рет абақтыға отырды, аңдуда болды. “Төресі” күйзел¬генде Бад-рисафаның да жүрегі қан жы¬лады. Жаны сүйіп, үйде жағдайын жасап, қабағын бақ¬қан ерінің 1930 жылы ату жазасына ке¬сілгенін, одан кейін он жыл концлагерьмен ауыстырғанын есту оның төбесінен жай түсірді. “Алдын – жалын, артын – мұз” еткен заман. Күйзеліс, са¬наны сенделткен қор¬қынышқа енді бұрын көріп-білмеген Сібірдің суығы, уайымы қосылды. Жалпы, Нарым өңіріне бұл кездері жер аударылғандарды жан-жақтан вагондап тасыған еді. Мұндағы жағдай тіпті нашар болатын.
– Нарым өңіріне тек 30-шы жылдарғы саяси қуғын-сүргін кезінде 400 мыңдай адам жер аударылған. Бұл шамамен айтқандағы ғана сан. Өйткені, сол кездегі аласапыранда тіркелмегендер де жетеді. Олар түрлі санаттағы адамдар еді. Көпшілігі дүние-мүлкі тәркіленіп, жер аударылған байлар, орта шаруалар бо¬латын. Әсіресе, Украинадан, Белоруссия¬дан және Балтық бойынан көп келді. Оларды вагондап төгіп, отбасыларымен ағаш¬тың арасына, өзеннің жағасына апа¬рып тастаған. Қолда құралы не азық-тү¬лігі жоқ олар аштан, суықтан өлді, – дейді Томдағы саяси репрессия құрбандарына арналған “Мемориал” музейінің дирек¬торы Василий Ханевич.
Әсіресе, Обь өзенінің төменгі ағысын¬дағы аралда болған жағдай күні бүгінге дейін құйқаны шымырлатады. Александров ауданына қарайтын Назино селосының ма¬ңында орналасқан бұл арал Том қала¬сынан 700 ша¬қырымда жатыр. Жергілікті тұр¬ғындар оны “өлім аралы” деп атап кеткен. 1933 жылы осы жерге Ресейдің орталық қа¬лаларынан тексергенде құжаты жоқ, азып-тозған, қайыр¬шыланған және күдікті деген 6,5 мың адамды баржамен әкеліп тастайды. Оларға түрмеде отырған баукеспе-баскесерлерді де қосады. Әлгілерді вагонға тиегенде де, баржамен алып жүргенде де тамақтандырмайды. Ал аралда тіске басар тағы ештеңе жоқ. Тек бірнеше күннен кейін қап-қап ұн әкелінеді. Шикі ұнды жегендердің іші кеуіп, ауырады. Ақырында ашыққан баскесерлер адамдарды отқа қақтап жей бастайды. Бір айдың ішінде аралдағы 6,5 мың адамнан мыңға да жетпейтін бейбақ қана тірі қалады.
– Том жерінде осындай сұмдықтар бол¬ған. Нарым өлкелік партия комитетінің сол кездегі нұсқаушысы Величко деген кісі жоғары жаққа, Сталинге дейін осы жантүр¬шігерлік көріністі баяндап хат жазған. Та¬рих ғылымдарының докторы С.А. Крବсиль¬никовтың басшылығымен біз осы арал тарихынан көптеген құжаттар жинадық. Белгілі француз тарихшысы Николя Верт “Адам жегіштер аралы” деген кітап жа¬зыпты. Өткен жылы жазда француз кинематографистері осы оқиға бойынша деректі фильм түсірді, – дейді Василий Антонович.
Осы өңірге саяси қуғынмен жер ауда¬рылып келгендердің құжаттары Том облы¬сын¬дағы ішкі істер басқармасындағы архив орталығында сақтаулы. Бадрисафа Ба鬬тұрсынованың тіркеу карточкасын біз осы арадан таптық. Ашық көк сиямен толтырылған қағаз уақыт табымен сарғая бастаған. Онда 1878 жылы туған, арнайы жер аударылған Бадрисафа Байтұрсы¬нованың Могочино комендатурасына берілгендігі ғана айтылған. Бадрисафа шешемізге қатысты әрі сол уақыттың куәгері бір жапырақ қағаздан көз алмай қараймыз. Алыстан, туу сонау алыстағы сағым ара¬сы¬нан шешемізді көріп қалатындай кө¬ңіліміз елеңдеп барып басылды. Архив қыз¬меткерлері Ресей заңына сәйкес карточ¬каны суретке түсіруге, көшірмесін алуға рұқсат бер¬меді. Ал Могочино селосы қазір Молчанов ауданына қарайды екен. Ендігі жол сонда бастады.
Ахаң жарықтық Архангельскіде ауру мен аштықтан азып-тозып, мүгедек қал¬пына жеткенде де, алыстағы Бадриса¬фа¬ның жағдайын уайымдайды. Республика прокурорының кө¬¬¬¬мекшісіне 1933 жылы 6 қаңтарда жазған өтінішінде: “…менің әйе¬лім Бадрисафа Бай-тұрсынова Том гу¬бер¬ниясының Кривошеин ауданындағы Жу¬ко¬во деревнясына жер аударылған. Әйе¬лім¬нің жасы 56-да, оның үстіне денсау¬лығы да нашар, талма ауруы бар, күніне 4-5 рет ұстап қалады. Ол қандай да бір жұ¬мыс істеу былай тұрсын, оның өзі өзгенің көмегінсіз күнін көре алмайды”, деп қасына баруға, қайткенде де бірге болуға сұранады. Ахаңның бұл тілегі орын¬да¬ла¬ды. Ол 1934 жылы наурыз айында Мір¬жа¬қыпқа жазған хатында 1933 жылдың қыр¬күйек айы¬нан бері тұрып жатқан мекен-жайын: “С.Мочлино, Клубная, д.Сойго¬рова Степана, Зап.Сиб. край, Томск окр.Кривошейнск. район” деп көрсетеді. Мүм¬кін көшіріп басқанда қате кеткен болуы керек, Ахаң жазып отырған село-ның аты Мочлино емес, Могочино деп аталады.
Том қаласынан жеңіл мәшинемен екі жарым сағат жүріп баратын Могочино селосы қазір Молчанов ауданына қарай¬ды. Ал Кривошеин ауданындағы Жуково деревнясы жолда қалады. Адамдардың қалаға көшуінен кейін елді мекендердің жойылу үдерісі Том жеріне де тән. Жу¬ковода да 5-6 үй қалыпты. Молчанов ау¬данының орталығынан оңға бұрылғасын 20 шақырым жол жүріп, шалқар дария Обь өзенінен паром арқылы өтіп, Мого¬чино селосына келдік.
– Обь өзенінде сонау отызыншы жыл¬дары ағаш таситын баржа да, жолаушылар кемесі де жүріп жататын. Ал қазір жо¬лаушылар тасымалы шығынды жаппай¬тын болуы керек, кеме жүзуін тоқтатқан, – дейді осы жердің ой-шұқырын жақсы білетін журналист, өлкетанушы Виктор За¬харович Нилов. Село Обьтің дәл ернеуінде орналасқандықтан ол көктемде тасыған судан жиі зардап шегетін көрінеді. Биыл да осы елді мекеннің екі көшесін су шайып кетіпті. Өткен ғасырдың басында мұнда Сібірдің түпкілікті халқы сельпук¬тердің әр жерде бір киіз үй сияқты дөң¬ге¬лентіп бөренеден салынған күркелері тұра¬ды екен. 1929 жылы 11 шілдеде Кеңес Ода¬ғы Халық комиссарлары кеңесінің “ОГПУ-дің еңбекпен түзеу лагерьлері ту¬ралы” қаулысы шығады. Соның артынша-ақ Сібірге Кеңес Одағының әр шалғайы¬нан сенімсіз, күдікті деген адамдар эшелондап әкеліне бастайды. Обь өзенінің оң жағалауындағы ми батпақты сол айдап әкелгендер игерді, мыңдаған адамдардың сүйегі де сол батпақта қалды. Могочино жер аударылғандар тұр¬ған, батпақта шіркейге таланып жүріп азап¬ты күндерді өт¬кізген Обь бойындағы он¬даған поселке¬лердің бірі ғана. Қазір сол поселкелердің орны жоқ, ал адамдар сүйектері батпаққа батып кеткен. Осы Могочино село¬сының ең үлкен тұрғыны 88 жастағы Зинаида Емельяновна Власова қарияның үйінің табалдырығынан аттай бергенде ылғалы кеп¬пеген топырақтың сызы бетке ұрды. Отызыншы жылдары мұндағы үйлердің барлығы да ағаштан салынған болатын. Қазірде де селоның үйлері еңселі емес, көбісінің ескі үй екені көзге ұрып тұр. Ахаң мен Бадрисафа Могочинода тұрған 1933 жылы Зинаида Емельяновна үшінші сыныпта оқыған еді. Ол кезде бала болса да туған селосының тарихын, онда болған оқиғаларды жақсы біледі. Жоғары білімді, осындағы мектепте орыс тілі мен әдебие¬тінен сабақ беріп, зейнеткерлікке шыққан қарияның бойынан мәдениеттілік, әр сөзіне жауапкершілікпен қарайтын зиялы-лық та байқалады.
– Мен 1933 жылы он жасар ғана бала¬мын ғой. Есімде қалғаны осында 1925 жылы ағаш өңдейтін зауыт салынған екен. Зауыттың ашылуына байланысты мұн¬да үй саны көбейіп, ол 130 шақты бол¬ды. Айдалып келгендер сол зауытта істеді. Селодағы тұрғынның саны төрт мыңнан он мыңға дейін жеткен дейді, әйтеуір ығы-жығы адам өте көп еді. Олардың бірі келіп, бірі кетіп жататын. Ахмет Байтұрсынов хатында жазып көр¬сеткен Сойгоровтармен біз көрші тұрдық.Степан ағай елге есімі белгілі, бақуат тұратын, адамгершілігі мол, қайы¬рымды адам еді. Рас, көше ол кезде Клубная деп аталды. Өйткені сол көшеге клуб са¬лын¬ған болатын, қазір ол Чехов атында. Могочинода комендатура жұ-мыс істеп тұрды. Айдалып келгендер арасын¬да кім болмады дейсіз, неше түрлі ұлт, тіпті қытайға дейін жүрді. Қазақ¬тардың бо¬луы әбден мүмкін деп білемін. Бірақ Сой-горовтардың үйінде жер аудବрылып келгендерден нақты кімдердің тұрғаны есімде жоқ. Ойын баласымын ғой, бай¬қамадым, – дейді Зинаида Еме¬льяновна.
Енді Ахаң хатында көрсеткен Степан Сойгоров кім еді? Зинаида Емельяно¬внବны¬ң айтуына қарағанда, оның ұлты сельпук екен. Бұл Сібірдегі аз халықтың бірі. Обь бойындағы сельпуктер өздерін остяктар деп те атаған. Балық, аң аулау, олардың терісін илеп, киім, аяқ киім тігу остяктардың ата кәсібі болған. Ағайынды Михаил, Дмит¬¬рий, Степан Сойгоровтар бақуатты жан¬дар болыпты. Могочино селосында 1907-1908 жылдары салынған ал¬ғашқы мек¬тепті де жергілікті тұрғындар Сой¬го¬ровтар әулеті¬мен байланыстырады. Оты¬зыншы жылда¬ры Степан Сойгоров балық аулап, оны кептіріп, Томға апарып өткізіп тұрған. Ұлы Отан соғысы бас¬талғанда ол майданға атта¬нады. Бір ұлы шайқаста опат болады. Өзі соғыстан келгесін де осы Могочинода тұрып, 1970 жылы 67 жасында қайтыс болады.
Ахмет Міржақыпқа Могочинодан жазған хатында: “Айына 150 сом жалақысы бар бір орынға ілігіп едім, онан да осы марттан бастап шығарып тұр” деп жазады. “Ахмет Могочинода қандай жұмыс істеді екен? Ұстаз Ахаң Сойгоровтар мектебінде дәріс берді ме?” деген ой қиялды жетелейді. Иә, саяси қуғындағы адамды ол кезде қай жұмыста да көп тұрақтатпағаны рас. Ахаң¬ның Міржа¬қыпқа жазған хатынан Архан¬гельскіге қара¬ған-да, салыстырмалы түрде болса да, Могочинода біршама көңілі жай¬ланғандай екенін байқаймыз. Архангельск лагерінде бір үзім нанға зар болған қайран Ахмет атамыз Бадрисафасына келіп, кө¬ңілін бір демдесе, Обьтің бойында азық-түліктен де аса қиналмағанға ұқсайды.
Біз Том облысы бойынша ішкі істер бас¬қармасының ақпарат орталығы архивінен Ахмет Байтұрсыновқа қатысты құжат¬қа да сұрау салғанбыз. Бірақ о¬лардан “Том же¬ріндегі бас еркінен айырылғандар, жер аударылғандар, ай¬дауда болғандар отырған орындарда 1873 жы¬лы туған Ахмет Байтұрсыновқа қатысты еш¬қандай құжат-дерек табылмады”, деген жа¬-уап алдық. Ал Николай Кучереносовтың ай¬туынша, комендатура болғанымен жер ау¬-дарылған¬дардың тіркелмегені жетерлік көрінеді.
– Саяси қуғын-сүргін құрбандарының ұрпақтары Могочинода болған аталары¬ның дерегін іздеп, біздің редакцияға да жазып жатады. Аласапыран уақытта Ал¬тай¬дан жер аударылған 100 отбасы да ешқан¬дай тізімде болмай шықты. Бұл оты¬зыншы жылдары саяси қуғын-сүргін көргендер әкелінген Нарым өлкесінің бір пұшпағы ғана. Ал сол кездегі орталық Колпашевода болған. Адамдарды бір жер¬ден бір жерге тасыған. Ол кездегі құжатқа салдыр-салақтықтың түбіне жете алмайсың, – дейді Николай Васильевич.
Ахаң Архангельскіден 1933 жылдың шіл¬десінде келген соң, Бадрисафа екеуі сол кездегі Кривошеин ауданына қарасты Жу¬ково мен Могочинода бір жылға жуық уа¬қыт тұрған сияқты. Қос мұңлық 1934 жылы қазанда арып-ашып Алматыға жеткен еді.
Таным ісі
Том қаласының орталығында саяси қу¬ғын-сүргін тарихының мемориалдық музейі бар. Ол НКВД-ның 20-40-шы жылдарғы тер¬геу түрмесіне орналасқан. Ғимараттың бі¬рін¬ші, екінші қабатында тергеушілер отырып¬ты, ал жертөлесінде тергеу камерବлары ор¬¬на¬лас¬қан. Жертөле-музейдегі ка¬ме¬ралардың сол уақыттағы қалпы, олар¬дың ауыр темір есіктеріне дейін сақталған. Жертөлеге түсе бергенде салқын сыз бетті қабады. Музей қызметкерлерінің айтуынша, мұнда жиыр¬ма шақты камера болған. Қазір олардан Ком-мунистік партия билеп-төстеген уақыттың нышандарының барлығы – Ле¬нин, Сталин, Ежов сияқты саяси қайрат¬кер¬лердің суреттерін, мүсіндерін, комсомол, октябрят төсбелгілерін, ордендерді, туларды, саяси үгіт, насихат құ¬рал¬дарын көресіз. Әл¬ем¬дік сахнадан кеткен, күні өткен қоғамды көз алдыңа әкеледі. Едені мұздай цемент, шынжырмен байланған ағаш төсек қойыл¬ған келесі бір камерадан жүректі мұздатқан бір суықтық сезіледі. Отызыншы жылдары қамалып, тергелгендер дәл осы камераларда отырған, оларға 15-20 адамнан тоғытқан.
1896 жылы бұл ғимарат 2 кластық діни мектеп үшін салынған екен. Оқу орны 1910 жылы жабылып қалады да, 1923 жылы мем¬лекеттік қауіпсіздік комитеті бұл үйді өзінің жұмысына лайықтайды. Үйдің жертөлесі тер¬геу изоляторына ай¬на¬лады. Осы мүзейдің алдындағы гүлзар¬да отызыншы жылдары Том облыстық НКВД басқармасы орналасқан. Екі ғи¬мараттың арасын жер асты құпия жолмен қосқан. Ұсталғандарды алдымен бас-қармаға апарып, жер асты жолы арқылы тергеу изоляторына әкеліп отырған. Ал тергеу аяқталған соң қайтадан жердің астымен НКВД бас¬қармасына апарып, сол жерден не лагерьлерге, не жер ау¬даруға, не атуға үкім шыққан.
– Осыдан бес жыл бұрын музейге жөндеу жұмыстарын жүргізгенде ғана осы жер асты жолының болғанына көзіміз анық жетті. Бірақ ол топырақпен толтырылып, бетондалып тастал¬ған. Жөндеу жұмыстары кезінде оны шамамыз жеткенше аршып көрдік. Қазған жерден мылтықтың оқтарын таптық. Ату жазасы осы жер асты құпия жолында да жүзеге асқан деген қорытынды жасадық. Алдағы уақытта осы жолды түгел аршып, оны да музейге қоссақ, ке¬лушілерге көрсетсек деген ойымыз бар, – дейді осы музейдің директоры Василий Ханевич.
Өткен ғасырдың 80-ші жылдарының аяғында басталған жариялылық кезінде Томда жиырма-отызыншы жылдардағы содыр саясаттың құрбандары туралы қо¬ғамдық пікірлер көтеріле бастайды.1988 жылы “Мемориал” қоғамдық ұйымы құ¬рылады. 1989 жылы облыстық және қа¬лалық кеңестер депутаттарының шешімімен “Том жерінде сталиндік қуғын-сүргін құрбандарын есте қалдыру туралы” жергілікті биліктің қаулысы қабылданады. Тұрғын үйге айналып кеткен НКВД түр¬месі музейге қайтарылды, ал алдындағы гүлзарға саяси репрессия құрбандарына арнап ескерткіш қойылды.
Василий Антонович Ханевичті осы қа¬с謬ет¬ті орынның шырақшысы десе болар. Ол өзінің экономист мамандығын тастап, осында келген, келмеген-ау, музейді өзі қолымен құрған, репрессия жылдарын зерттеген. Мүмкін сталиндік саяси қуғын-сүр¬гіннің жазықсыз құрбаны болған ата¬ла¬рының аруағы да оны осы іске бел байлатса керек. Поляк ұлтының өкілі Василий Ан¬тоновичтің әулетінен 9 адам репрессия құр¬баны болып, айдалған, атылған. Өзі өскен Белосток селосы ту¬ралы 1993 жылы “Бе¬лос¬ток трагедия¬сы” атты кітабы жарық көрген.
– Мен туған Белосток селосында тек поляк ұлты ғана тұрған. 1937 жылы онда еркек кіндіктінің барлығын, яғни жүзден аса адамды бір түнде ұстап әкетіп, атып жіберген. Біздің бала кезімізде селода тек кемпірлер ғана жүретін, үлкен шалдар болмайтын. Оның ақиқатын кейін білдік, – дейді ол. Осы жерде айта кететін бір жайт, Сойгоровтардың ұрпақ¬тарынан да, Василий Ханевичтен де қа¬ныққаны¬мыз¬дай, жергілікті көнекөздер сол бір дау¬ылды жылдардың сұмдық¬тарын ауызға ала бермейді екен.
– Алғашында үлкен кісілер отызын¬шы жылдар туралы айтуға қорқып, өзі¬мізге күдікпен қарап жүрді. Кейінірек жергілікті газеттерде ақиқат анық жазыла бастағанда ептеп шешілгендей болды. Бәрібір олар сол жылдарды еске алуға онша ниетті емес еді, – дейді музей ди¬рек¬торы. Сол сияқты Сойго¬ров¬тардың неме¬ре-шөберелері де атасы мен әжесінен осы тақырыпқа ешқандай әңгіме естімегенін айтады. Могочино¬да¬ғы орта мектеп мұ-ғалімдері де өздерінің туған село тарихын балаларға айтуды, зерт¬тетуді, жаздыруды енді бастапты. Адам қаны Обь өзеніне аққан жерде та¬рихқа сылбырлық таныт¬қанына таңғалға¬нымыз рас.
– Мен архив материалдарынан байқа¬ға¬ным, атылған, лагерьлерге айдалған ада쬬дар¬ды тергеушілер топ-тобымен жө¬нел¬тіп отыр¬ған. Бәрін де формальды жасаған. 64 адамға бір протокол, 100 адамға бір протокол жасаған құжатты оқыдым. Тұтқындалғандардың саны ғана қажет болған, олардың кінәсінің бары-жоғы ешкімді де толғандырып жатпаған, атылатындар да, лагерьде отыратындар да жоспар бойынша жазаланған. Том жеріне айдалып келген 90 мың отбасының ісі әлі қараусыз, компьютерге де енгізілмеген, – дейді ол.
Том облысына, жалпы Нарым өлке¬сіне жер аударылған әйелдер аз болмаған. Тіпті музейде ату жазасына кесілген әйелдердің суреті де кездеседі.
– Айдауда ең алдымен азап шеккен әйелдер, балалар және қарт кісілер болған. Ер адамдар көбіне лагерьлерде отырды, олардың көргені азабы да аз емес, ауыр жұмыстарға жегілді. Бірақ әйтеуір соқа бас¬тары ғой, лажынша тығырықтан аман шы¬ғуға тырысты. Ал әйелдердің балалары бол¬ды. НКВД тергеушілеріне, түрме қызмет¬керлеріне олар¬дың алдында бір халықтың бетке тұтар ұлысы отыр ма, анасы отыр ма бәрі бір болатын. Әйел-дер қолында Сібір¬дің суығына шыдамай ауырып өлген ба¬лаларын баржадан суға лақтырып жіберген немесе өзен жағасына жерді шұқып көміп кеткен. Ал ол кезде әйелдердің көбі үйден шықпаған, сауатсыз болды. Бұл олардың басына түскен нәубеттің қасіретін қалың¬дата түсті, – дейді Василий Ханевич.
Көз алдымызға тағы да Бадрисафа ше¬ше¬міз елестейді. Тумаса да, туғаннан бетер болған он екі жасар Шолпаннан бөліп тас¬тағанда жүрегі қалай қансырады екен?..Талмасы ұстап кемеге зорға мінді-ау.
– Бадрисафа қалай дегенмен де селода, адамдардың арасында болды. Оларды үйлерге жатқызды. Ахмет екеуінің Том¬нан аман-есен тірі қайтуының басты себебі сол. Ал вагондармен Украинадан, Бал¬тық бойынан, Ресейдің басқа аймақта¬рынан әкелген адамдарды ағаш арасына төккен. Том жерінде негізінен қырылған да солар, – дейді Василий Антонович.
– Қазақстанда сталиндік қуғын-сүргін құр¬бандарын еске алу күні белгіленген, көп¬теген қалаларыңызда оларға арналған ескерткіш бар екенінен хабардармыз. Ас¬та¬на¬дағы монументке шетелден келген мәр¬те¬белі қонақтар гүл шоқтарын қойып жа¬тады. Тарихтың бұл ақтаңдағына сіздің елде мемлекеттік деңгейде көңіл бөлінеді екен. Бұл жақсы, – деді Василий Анто¬нович тамсанып…
Иә, “мың өліп, мың тірілген” қазақ елі¬не бұлай істемеске де болмас. Сталин¬дік саяси қуғын-сүргіннің мыңдаған құр¬бан¬да¬ры, халқымыздың сыпырылып кеткен қаймағы көрген тамұқтан ұрпақты абай¬лау үшін де ұлы Ахмет атамыз бен Бадрисафа шешеміздің аруағына мың тағзым етеміз.
Қостанай-Томск-Қостанай.
Суреттерде: 1. 30-жылдардағы ла¬герь¬дің көрінісі; 2. Зинаида Власова Могочино село-сының ең қарт тұрғы¬ны; 3. “Мемо¬риал” музейінің кіреберісі; 4. Гулаг картасы.
Нәзира ЖӘРІМБЕТОВА.
http://www.egemen.kz/?p=22562
Пришлите нам ваши материалы
в любом цифровом формате
(ограничение на размер файла 10Мб, не более 10 файлов)